Білімі: Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша (1999 ж.), «Қазақ-Британ техникалық университеті» АҚ, «Мұнай және Газ» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған (2018 ж.).
Еңбек жолын 1999 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-дағы №1 С.Балғымбаев атындағы мұнай және газ өндіру цехында оператор болып бастады.
2000-2010 жылдар аралығында «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-да бірқатар қызметтерде жұмыс істеді: Забурын мұнай-газ өндіру цехында мұнай дайындау шебері, орталық инженерлік-технологиялық қызметтің ауысым инженері, орталық инженерлік-технологиялық қызметтің 1-разрядты технологы, мұнай дайындау және айдау цехы бастығының орынбасары, мұнай дайындау және айдау цехының бастығы.
2010-2011 жылдары - «Ембімұнайгаз» ӨФ кен орындарын игеру бөлімінің бастығы.
2011 жылдан 2016 жылға дейін – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бас технологы, бас инженері.
2016-2017 жылдары «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №2 Қамысты мұнай және газ өндіру цехының бастығы.
2017-2019 жылдары аралығында «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығының өндіріс жөніндегі (Прорва кен орындары тобы)) орынбасары.
2019- 2024 жылдары - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы.
2024 жылдың қаңтарынан 17 сәуірге дейін «Ембімұнайгаз» АҚ Бас технологы.
2024 жылдың 17 сәуірінен бастап «Ембімұнайгаз»АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.