Басшылық

Қасымғалиев Қанатбек Махмудұлы

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (мамандығы «Мұнай-газ кен орындарын пайдалану және игеру»). Еңбек жолын 2001 жылы «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ-нің Қаратон кен алаңында Терең-Өзек МГӨЦ  мұнай-газ өндіру операторы болып бастады.

Еңбек жолын 2001 жылы «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ-нің Қаратон кен алаңында Терең-Өзек МГӨЦ& мұнай-газ өндіру операторы болып бастады. «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ-нің Терең-Өзек МГӨЦ технологі, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ өндірістік-технологиялық қызметі жетекшісінің орынбасары, бас инженері, «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай-газ өндіру бөлімінің басшысы, мұнай-газ өндіру департаментінің директоры, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ басшысы, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының өндіру және игеру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 тамыз айы аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры лауазымында еңбек етті. 2018 жылдың тамызынан 2019 жылғы тамыз аралығында  «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық компаниясы» АҚ мұнай-газ өндіру департаментінің директоры лауазымында болды.

2019-2022 ж. қыркүйек аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.

2022 ж. 12-қыркүйектен бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметінде.

 

Марапаттары:

«Ембімұнайгаз» ӨФ Құрмет грамоталары, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы (2012 ж.), «Прорва мұнайына - 50 жыл» төсбелгісі (2013 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ - 95 жыл» мерейтойлық медалі (2017 ж.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» АҚ - 100 жыл» мерейтойлық медалі (2022 ж.).