Басшылық

Көзов Қайрат Салауатұлы

Бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары

Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы (2004 ж.) бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын «Каспиймұнайгаз» НИПИ» АҚ-да геология және кен орындарын игеру департаментінде  мұнай-газ кен орындарын игеруді жобалау және анализдеу бөлімінің технигі болып бастады (2004 ж.). Кейін аталған компанияда мұнай-газ кен орындарын игеруді геологиялық-гидродинамикалық модельдеу инженері, жетекші инженері, модельді дайындау секторының жетекшісі болып еңбек етті.

2010 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да геологиялық-гидродинамикалық модельдеу бөлімінің инженері, бөлім бастығы, мұнай-газ кен орындарын игеру департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болып еңбек етті.

2018-2021 жылдар аралығында ЕМГ кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор, 2021 жылғы 1-маусымнан 2022 жылғы 12 қыркүйек аралығында бас геолог қызметін атқарды.

 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап Компанияның Бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары.

 

Марапаттары:

ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ - 95 жыл»   мерейтойлық медалі (2017 ж.), “Қазақстан мұнайына 120 жыл” мерейтойлық медалі (2019 ж.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» АҚ - 100 жыл» мерейтойлық медалі (2022 ж.).