Басшылық

Жылқайдаров Мақсат Өркенұлы

Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары

Қазақ гуманитарлық заң университетін «Юриспруденция, Халықаралық құқық» мамандығы (2009 ж.), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» (MBI) (2020 ж.) мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын «Цесна корпорациясы» АҚ-да жобалар департаментінің менеджері (2010 ж.) болып бастады. Кейін «Компания мұнай экология» ЖШС-де жобалар департаментінің менеджері, «BSG TECHNOLOGY» ААҚ директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Теңіз және жағалау инфрақұрылымы департаменті директорының орынбасары, «Қазмұнайгаз өнімдері» ЖШС бас директорының орынбасары, Қарағанды ​​облысы филиалының директоры, Астана, Павлодар облысы филиалдарының директоры, «Қазмұнайгаз АЭРО» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы қыркүйек айы аралығында «Ембмұнайгаз» АҚ сатып алуларды жоспарлау және ұйымдастыру департаментінің директоры.

2022 жылғы 12-қыркүйегінен Бас директордың директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары.

 Марапаттары:

«АМӨЗ» ЖШС – 75 жылдығы мерейтойлық медалі, «ҚазМұнайгазӨнімдері» ЖШС  медалі,   «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» АҚ - 100 жыл» мерейтойлық медалі (2022 ж.).