Басшылық

Шарафетдинова Гүлбану Әбутәліпқызы

Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы (1987 ж.), М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін «Іскерлік басқару, бизнес және басқару магистрі» (2020 ж.) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Маңғышлақ газ өндіру басқармасының Қаламқас учаскесінде химиялық зертханасының 2 разрядты лаборанты болып бастады.  Кейінгі жылдары Қазақ газ өңдеу зауытында компрессорлық цех операторы, материалдық-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау бөлімінің экономисі, «Өзенмұнайгаз» ӨФ кадр бөлімінің инженері, кадр саясаты және әлеуметтік даму департаментінің жетекші инженері, «Ембімұнайгаз» ӨФ бұрғылау жұмыстары және күрделі жөндеу департаментінің инженері қызметтерін атқарды.

2007 жылдан «Ембімұнайгаз» ӨФ қызметкерлерді басқару бөлімінің инженері, аға инженері, бөлім бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2013-2022 жыл аралығында Компанияның қызметкерлерді басқару департаментінің директоры.

2022 жылдың 12-қыркүйегінен – ЕМГ Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

 

Марапаттары:

 

«Доссор  кен орнына 100 жыл» естелік белгісі (2011 ж.), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Алғыс хаты, Құрмет грамотасы, «Прорва мұнайына – 50 жыл» төсбелгісі (2013 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ - 95 жыл»   мерейтойлық медалі (2017 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2017 ж.), «KAZENERGY» медалі (2018 ж.), “Қазақстан мұнайына 120 жыл” мерейтойлық медалі (2019 ж.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» АҚ - 100 жыл» мерейтойлық медалі (2022 ж.).