«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы көп балалы анаға баспана сатып алып берді

27 сәуір, 2022

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы қасиетті Рамазан айында Құлсары қаласының тұрғыны, көп балалы ана Нұргүл Ғабдоловаға баспана мәселесімен көмек көрсетті.

Н.Ғабдолова - жолдасы қайтыс болғаннан кейін бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана, оның үшеуі мектеп оқушылары, біреуі - мектеп жасына дейінгі, кішісі - бір жарым жаста. Үлкен қызы туберкулезге қарсы  диспансерлік есепте тұр.  

Көп балалы отбасы осы уақытқа дейін жалдамалы баспанада тұрып келді. «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы көмек көрсету бастамасын қолға алып, мұнайшылар мүмкіншіліктеріне қарай ерікті түрде қаражат жинады. Жиналған қаражатқа екі бөлмелі пәтер сатып алынды.

  • «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы аз қамтылған отбасыларына үнемі қолдау көрсетіп келеді. 2021 жылы мұнайшылардың ерікті түрде жинаған ақшаларына Доссор поселкесінде 3 үй, Құлсары қаласында 1 пәтер сатып алынған болатын. Биыл игілікті іс - қайырымдылық шарасының жалғасып отырғаны қуанышты. Рамазан айында Құлсары қаласында тағы бір отбасы қолына пәтер кілтін алып отыр. Үнемі қиналған жандарға көмек қолын соза білетін «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымына, басшылығына компания басшылығы атынан алғыс айтамын»,- деді Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

 Айта кету керек, жылыойлық мұнайшылардың көмегі  тек баспана сатып алумен шектелмеді. «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы Н.Ғабдолованың отбасы тұратын үйдің дәлізіне жөндеу жасап, қоныс той иесіне кілем сыйға тарту етті.

 

 Ұйымдастыру бөлімі  

 

 

            Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz 8 (7122) 99-34-66

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтnық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.