«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай футзалдан балалар арасында республикалық турнир өтті

31 мамыр, 2022

Мамыр айының 27-29 күндері аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 100 жылдығына орай «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 13 жасар балалар арасында футзалдан Embacup жарысы өтті.

Жарысқа 8 команда қатысты. Атап айтсақ, Атырау облысынан - «Қызылқоға» командасы (Қызылқоға ауданы), «Майкөмген» командасы (Жылыой ауданы), «Мақат» командасы (Мақат ауданы), «Бейбарыс» командасы (Махамбет ауданы) және «Құрманғазы» командасы (Құрманғазы ауданы), Маңғыстау облысынан - «Ақшұқыр» командасы  (Ақтау қаласы),  «Қыран» командасы (Жаңаөзен қаласы) және «FC Академия»  командасы (Жаңаөзен қаласы).

Турнирдің ашылу салтанатында «Ембімұнайгаз» АҚ бас технологы Марат Елеусінов қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

- Елімізде футзал спорты қарқынды дамуда. Ұлттық құрамамыз дүние жүзінде жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді. Бүгінгі қазақ мұнайының қарашаңырағы Ембі кубогы үшін жарысқа қатысып жатқан командалардың ойыншыларын болашақта ұлттық құрама сапынан көреміз деген ниет зор, - деп атап өтті М.Елеусінов.

            Қола жүлде үшін «Қызылқоға» мен «Майкөмген» командалары арасындағы ойынның негізгі кезеңі 4:4 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында қызылқоғалықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Ал, финалдық ойында «Мақат» және «Ақшұқыр» командалары кездесті. Мақаттық жас ойыншылар қарсылас қақпасына 5 гол соғып, жарыс жеңімпазы атанды. Есеп – 5:0. Осы орайда, хет-трик авторы атанған Қалдыбек Орынбаевты ерекше атап өткен жөн.

Жарыс жүлдегерлерін ЕМГ Әлеуметтік саясат және  әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллин 400 000, 300 000, 200 000 қаржылай сертификатпен, кубок, медальдармен марапаттады.

Турнир соңында үздік ойыншылар да анықталды:

Үздік қақпашы – Ілияс Әсиетжан - «Майкөмген» командасы;

Үздік сұрмерген – Нұрәлі Жексенғали (10 гол) - «Қызылқоға» командасы;

Үздік қорғаушы – Шахмардан Демесін – «Ақшұқыр» командасы;

Үздік шабуылшы – Қалдыбек Орынбаев – «Қызылқоға» командасы;

Үздік ойыншы - Расул Ерболұлы – «Мақат» командасы; 

«Жарыстың көзайымы» - Мейіржан Ринатұлы - «Ақшұқыр» командасы;

Үздік ойыншылар да арнайы сыйлықтармен марапатталды.  

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.