«Ембімұнайгаз» АҚ-да «Үздік маман-2022» байқауының ІІ кезеңінің жеңімпаздары анықталды

03 маусым, 2022

Маусымның 1-3-і күндері аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 100 жылдығы аясында компанияға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелердегі жұмысшы мамандықтар арасында «Үздік маман-2022» кәсіби шеберлік байқауының ІІ кезеңі өтті.

Дәстүрлі сайыстың бірінші туры бұған дейін өндірістік-құрылымдық бөлімшелер базасында өткен болатын. Бірінші турдың жеңімпаздары өз мамандықтары бойынша біліктілік пен шеберлік сынының ІІ кезеңінде бас қосты.

- Әлемді жайлаған пандемия салдарынан 2 жыл қатарынан бұл байқауды өткізу мүмкіншілігі болмай қалды. Осынау күрделі кезеңде сіздердің еселі еңбектеріңіз бен көшбасшылық қасиеттеріңіздің арқасында өндірістік процессті бір сағатқа да тоқтатпай, өзіміздің шеберлігімізді одан сайын шыңдай түсірдік деп ойлаймын. Сол еңбектеріңіз үшін рахмет айтамыз. Мұнай саласы кәсібін меңгеріп, өздеріңіздің шеберліктеріңізді көрсеткелі отырған әрқайсысыңыз үздіктердің үздігі атануға лайықсыздар. Сіздерге қарап кейінгі жастар ұмтылуы керек, талпынуы керек, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан.

Байқау биыл 10 мамандық бойынша ұйымдастырылып, 60-қа жуық астам жұмысшы өз білімдері мен біліктіліктерін теория мен тәжірибелік негізде сынап көрді. 

Сайыстың жабылу салтанатында ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, конкурстың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қанатбек Қасымғалиев алдыңғы жылдармен салыстырғанда биылғы сайысқа неғұрлым жас мамандардың көптеп қатысқандығы қуантатынын жеткізді.

- Осыдан 2-3 жыл бұрын Дуалдық оқу бағдарламасы бойынша мұнай және газ өндіру операторы және ұңғымаларды зерттеу операторы болып жас мамандар жұмысқа алынған болатын. Сол жас мамандар қазірдің өзінде «Үздік маман» сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Осы сайысқа екі мамандық бойынша және тауар операторы мамандығы бойынша Дуалдық оқыту бағдарламасымен жұмысқа алынған 6 жас маман қатысып, барлығы жүлделі орындарды иеленді. Соның ішінде, үшеуі бірінші орынды жеңіп отыр. Жалпы сайысқа қатысушылардың орта жасы – 35 жас. Ең жас маман – 24-те. Бұл – көңіл қуантарлық жайт, - деген ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қ.Қасымғалиев ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

«Мұнай және газ өндіру операторы» мамандығы бойынша:

«Үздік маман» «Жылыоймұнайгаз МГӨБ-ның жұмыскері Аманқос Тұңғышбай;

ІІ орын -   «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның  жұмыскері Есенжол Ғұбашев;

ІІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Нұртас Бекболатов;

Ынталандыру сыйлығы – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Мұратбек Нұрқасинов,;

 

«Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторлар бригадасы» мамандығы бойынша:

«Үздік мамандар» – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскерлері  Әлібек Мырзағалиев, Әнес Мұханбетов, Өтеулі Алагузов.

ІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскерлері Аманқос Арыстанбаев, Асылан Рысмухамбетов және Бактығали Джаманов;

ІІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскерлері Арман Қасанов, Болат Тәттібаев, Абат Имашев;

Ынталандыру сыйлығы – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскерлері Тимур Ташенов, Аманжол Қапаров, Ерлан Тайшиев;

 

«Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторы» мамандығы бойынша:

«Үздік маман» - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Айбек Сарқұлов;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері  Абылайхан Жұмағазиев;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Ернар Телжан;

Ынталандыру сыйлығы – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері  Райымбек Сағызбаев;

 

Мұнай дайындау операторы (тауарлы) мамандығы бойынша:

«Үздік маман» - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Ғани Ерғали;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Нұрлан Сапаров;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ жұмыскері Сәндібек  Әділов;

Ынталандыру сыйлығы – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Данияр Омарғазиев;

   

«Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы» мамандығы бойынша:

«Үздік маман» «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Мұрат Құлниязов;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Бердібек Әділов;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Рақымжан Дарбаев;

Ынталандыру сыйлығы – «Қайнармунайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері  Азамат Джұмашев;

 

«Жер қабаты қысымын сақтау операторы» мамандығы бойынша:

«Үздік маман» – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Берекет Елеулиев;

ІІ орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Руслан Абдрахманов;

ІІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Айбол Рахышев;

Ынталандыру сыйлығы – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Нұрболат Ордабаев;

 

«Химиялық талдау жасау лаборанты» мамандығы бойынша:

«Үздік маман» – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Назира Мухаева;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Айгүл Даумова;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Минара Әбілова;

Ынталандыру сыйлығы – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Айсауле Қуатова;

     

«Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша:

«Үздік маман» - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Әділбек Мұхамбеткалиев;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері  Дулат Ұзақбаев;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Ержан Ұламбаев;

Ынталандыру сыйлығы – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Бақытжан Пайызов;

  

«Слесарь-жөндеуші» мамандығы бойынша:

«Үздік маман» – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Шыңғысхан Маратов;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Ерболат Оспанов;

ІІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның  жұмыскері Абылғазы Ахметов;

Ынталандыру сыйлығы – «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның жұмыскері Ермек Қалбаев;

 

«Электромонтер» мамандығы бойынша:

«Үздік мамандар» – «Прорва» аудандық электр торабының жұмыскерлері Азат Шынтөреев және Тілекбай Рашиден;

ІІ орын – «Құлсары» аудандық электр торабынын жұмыскерлері Бектай Даужанов, Байболат Джингелдиев;

ІІІ орын – «Жайық» аудандық электр торабының жұмыскерлері Надырбек Жауқашты және Серік Нұғманов;

Ынталандыру сыйлығы – «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Қайнар», «Мақат», «Доссор» аудандық электр тораптарының жұмыскерлері Мейрамбек Нұрланов, Ғазиз Ашан, Тұрлан Джұмашев, Азамат Байумиров, Ержан Тукенов, Жанболат Бердіғалиев;

 

Сайыс кортындысы бойынша жалпыкомандылық есепте:

І орын – «Жылыоймұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасы;

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасы;

ІІІ орын  «Жайықмұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасы;

 

     Сайысқа қатысқаны үшін марапатталушыларға ынталандыру сыйлығы 50 мың  теңге «Sulpak» дүкені сертификаты мен имидждік  сыйлықтар берілді. Үшінші орын иегерлері дипломмен, 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен, 100 мың тенге «Sulpak» дүкені сертификатымен және имидждік сыйлықпен марапатталды. Екінші орын иегерлеріне диплом, 300 мың теңге ақшалай сыйлық, 150 мың теңге «Sulpak» дүкені сертификаты және имидждік сыйлық табысталды. Жарыс жеңімпаздарына «Үздік маман» статуэткасы, диплом, 500 мың теңге ақшалай сыйлық, 200 мың «Sulpak» дүкенінің сертификаты және имидждік сыйлық табысталды.

     Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2022 жылды Қордың компаниялары тобы бойынша «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы» деп жариялаған болатын. Қорытындысында «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Қайрат Құлбалиев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Естелік белгісімен марапатталды. Шара барысында ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қ.Қасымғалиев марапатты иесіне табыстап, бұл жалпы Ембі ұжымының қауіпсіздік тиехникасы бағытындағы жұмысқа берілген баға деп атап өтті. 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.