«Мен – ембілікпін» байқауының жүлдегерлері анықталды

07 маусым, 2022

 «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 100 жылдығына орай 2022 жылғы сәуір-мамыр айлары аралығында өткен «Мен – ембілікпін» корпоративті шығармашылық байқау қорытындыланып, жүлдегерлер анықталды.

Биылғы байқау 3 номинация бойынша өтіп, оған компанияға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелерден 35 еңбек келіп түсті. Ұсынылған шығармашылық жұмыстар әртүрлі жанрда – мақала, эссе, репортаж, фоторепортаж, бейнеролик түрінде қабылданды. Атап айтсақ, Ұжымым – екінші үйім! номинациясы бойынша - 8 жұмыс;  «Тағдырым менің - Ембімұнайгаз!» номинациясы бойынша - 16 жұмыс; «Менің тәлімгерім...» номинациясы бойынша - 11 жұмыс комиссияға ұсынылды.

- Мұндай шығармашылық байқаулар корпоративті ұйымшылдықты одан әрі дамытып қана қоймай, жұмысшылар арасында шығармашылыққа жақын адамдарды анықтауға септігін тигізеді. Қазылар алқасына үздік жұмыстарды анықтау оңайға соққан жоқ. Тақырыпты ашу, ойды жеткізу және мазмұны жағынан бір-бірінен асып түсетін жұмыстар да болды. Сондықтан, өздерінің негізгі жұмыстарымен қоса, байқауға белсенділікпен, жауапкершілікпен қатысуға уақыт тапқан әріптестерімізге алғыс айтамыз, - деп атап өтті ЕМГ  Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

 

Ұжымым – екінші үйім! номинациясы бойынша:

І орынды «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының (бұдан әрі МГӨБ) №1 мұнай және газ өндіру цехының ұжымы жеңіп алды (арнайы дипломмен және ноутбук сыйлығымен марапатталды);

ІІ орынға «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның мұнай дайындау және айдау цехының операторы Тоқтар НЫҒМЕТОВ ие болды (арнайы дипломмен және планшет сыйлығымен марапатталды);

ІІІ орын «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның бухгалтеры Гүлнәр ӨТЕГЕНОВА (арнайы дипломмен және робот-шаңсорғыш сыйлығымен марапатталды).

 

«Тағдырым менің - Ембімұнайгаз!» номинациясы бойынша:

І орынды жеңіп алған «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның №1 мұнай-газ өндіру цехының операторы Дастан ӘДІЛБЕКҰЛЫ (арнайы дипломмен және ноутбук сыйлығымен марапатталады);

ІІ орынды иеленген «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның №1 мұнай-газ өндіру цехының  лаборанты Ляззат ИДИРКЕНОВА (арнайы дипломмен және планшет сыйлығымен марапатталды);

ІІІ орын«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның №5 цехының  технологы Ораз ТӨЛЕУІШЕВ (арнайы дипломмен және робот- шаңсорғыш сыйлығымен марапатталды).

 

«Менің тәлімгерім» номинациясы бойынша:

І орынды жеңіп алған  Орталық басқару аппараты Геология және кен орындарын игеру департаментінің бөлім  бастығы Рауан САБИРОВ (арнайы дипломмен және ноутбук сыйлығымен марапатталды);

ІІ орынды иеленген – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның зерттеу жұмыстары цехының операторы Райымбек САҒЫЗБАЕВ (арнайы дипломмен және планшет сыйлығымен марапатталды);

ІІІ орын -  «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның Терең-Өзек мұнай және газ өндіру цехының бастығы Қанат НҰРМАШЕВ (арнайы дипломмен және робот- шаңсорғыш сыйлығымен марапатталды).

Сонымен қатар, байқауға белсенділікпен қатысып, 11 шығармашылық жұмыс ұсынған «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бастығы Амангелді Сүлейменов пен 10 еңбек тапсырған «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы Ғибатолла Шанаевқа арнайы Алғыс хат табысталды.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.