Ембі аруы анықталды

05 тамыз, 2022

29 шілде күні Құрманғазы мәдениет сарайында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 100 жылдығына орай «Мұнайшы қыз» клубының қолдауымен «Ембі аруы-2022» байқауы ұйымдастырылды.

Сұлулар байқауына ЕМГ-нің өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінен 7 ару қатысып, 4 турда сынға түсті – сәлемдесу, өнер-хобби, дефиле, сұрақ-жауап.

- Ішкі коммуникацияны дамытуды, мұнайшы қыз-келіншектердің жан-жақты дамуына әр кез мүмкіндік жасап жүретін  «Мұнайшы қыз» клубының қолға алуымен әдемі шараның куәсі болып отырмыз.  

«Ембі аруы» байқауы – мұнайшы қыздардың ішкі биік мәдениетін,  жан-жақты болмыстарының  тағы бір мәрте дәлелдеп беретін шара деп ойлаймын. Біздің мұнайшы қыздар тек еңбекте ғана емес, өнерде, білімде, мәдениетте де өздерін тек биіктерден көрсете білетіндіктерімен ерекшеленуде, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

Байқауға қатысушылардың өнерін қазылар бағалады.

I орын - Айсұлу МАНТАЕВА, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат жатақханасының меңгерушісі;

ІІ орын - Жанаргүл АРАЛБАЕВА, ЕМГ Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің кадрлар жөніндегі маманы;

ІІІ орын - Гүлазия СЕЙСЕНБАЕВА, «Өндрістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының есеп және есеп беру тобының аға бухгалтері;

Көрермен көзайымы” номинациясы - Дана СӘУЕНОВА, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ инженер-химигі;

“Кербез ару” номинациясы - Айымгүл НҰРМҰХАНОВА, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бастығының орынбасары;

“Креативті ару” номинациясы - Камила СЕРІКОВА, «Ембімұнайэнерго» басқармасының экономисі;

“Зерделі ару” номинациясы - Мейрамгүл ҚҰЖБАНОВА, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу бөлімшесінің слесарь-инструментальщигі.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛҒАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.