«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спартакиадасы аяқталды

12 тамыз, 2022

Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) еншілес компанияларының еңбек ұжымдары арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті.

Мұнайшылардың спорт додасы ҚМГ 20 жылдығы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына арналды.  Тамыздың 8-11 күндері өткен спартакиадаға 20-ға жуық еншілес кәсіпорыннан іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 400-ден астам спортшы қатысты. Жарыс үстел теннисі, үлкен теннис, шахмат, волейбол, баскетбол, жүзу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика тәрізді спорттың тоғыз түрінен өтті.

«Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 100 жыл және ҚМГ-ның 20 жылдығына орай өткен спартакиадаға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын. Сіздер еңбекте де спортта да жеңіс туын көтеріп, жастарға үлгі көрсетіп жүрсіздер. Бұл біздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін үлкен мақтаныш! Барлық қатысушыларға ҚМГ Басқарма төрағасының, еңбек ұжымының және жеке өз атымнан алғыс білдіремін», - деді спартакиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысқан ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев.

Жеңіске жеткен командалар мен қызметкерлерге медаль, диплом және кубоктар табыс етілді.

Сондай-ақ, спартакиада аясында ҚМГ құрамасының еліміздегі атақты «Қайрат» футбол клубымен өткізген футзалдан жолдастық кездесуі өтті.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.