Ембілік мұнайшылар ерекше балаларға медициналық қолдау көрсетті

24 тамыз, 2022

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) қаржылай қолдауымен «Жүректен – жүрекке» қоры Атырау қаласында «Жүрек жылуы» жобасын ұйымдастырды. Аталмыш жобаның мақсаты – ауыр науқасқа шалдыққан балаларға медициналық көмек көрсету.

Арнайы шақыртумен Атырауға Өзбекстан Республикасынан Атырауға бір топ дәрігер келді. Олардың қатарында балалар генекологы, уролог,   эндокринолог және эпилептолог мамандары бар. Апта бойы Ташкент қаласындағы емдеу мекемелерінің жетекші мамандары мүмкіндігі шектеулі кішкентай науқастарды тексеріп, емдеді.

- Бұл – Компанияның ғасырлық мерейтойына арналған қайырымдылық жобалардың бірі. Медициналық көмекке мұқтаж балаларды барынша қамтуды ұйымдастыруға күш салынды. Төрт күн бойы 600-ге жуық ерекше бала арнайы келген дәрігер мамандардың қабылдауында болады,- деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллин.

– Біз Өзбекстаннан ерекше балаларға қажет мамандарды арнайы шақырдық. Себебі, кез келген ата-ананың балаларын басқа қалаларға апарып, кеңес алу және емдеуге мүмкіндігі бола бермейді. «Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» жобасы өте өзекті, уақытылы және мүмкіндігі шектеулі балаларға шетелдік жетекші дәрігерлерден кешенді диагностикадан өтуге жақсы мүмкіндік берді, - дейді «Жүректен – жүрекке» қорының жетекшісі Әмина ДОСҚАЛИЕВА. 

Сонымен қатар, «Жүрек жылуы» жобасы аясында Польша, Италия, Германия, Швеция және Қытайда жекелей жас ерекшеліктеріне сай 30 арба және 100 дана ортопедиялық аяқ киімдер дайындалады.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.