Ембінің 100 жылдығы өндірістік-құрылымдық басқармаларда тойланды

25 тамыз, 2022

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына орй Компанияға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелерде «Мұнайлы өңірге мың тағзым» атты салтанатты шаралары өтті.

- Компанияның 100 жылдық мерейтойын барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерде ұйымдастыруымыздың басты мақсаты, айтулы шарада әрбір адам өзінің қолтаңбасы бар екенін сезінулері керек. Еңбек адамына басымдық беруді әр кез жіті назарда ұстайтын біздің кәсіпорын осы дәстүрлі жолды жалғастырып, еңбек адамдарын ұлығылау шарасын қолға алып отырмыз, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

Ембі өндірісінде ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлерген құрмет көрсету салтанатты шарасы «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ден бастау алып, «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-да, «Ембімұнайэнерго» және «Өндірістік -техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармаларында (бұдан әрі ӨТҚжЖКБ) жалғасты. Қорытынды шара Орталық басқару аппаратында өтті. Мұнайшы ардагерлерге компания басшылығы «Ембімұнайгаз» АҚ-на – 100 жыл» мерекелік медалін тақты.

Сонымен қатар, жыл қорытындысымен еңбегімен ерекшеленген еңбек озаттары – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Аманбай Нұрғалиев, «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасында 42 жылға тарта еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы Махсот Мурзин, «Доссормұнайгаз» МГӨБ №2 Қарсақ мұнай және газ өндіру цехының мұнай және газ өндіру операторы Серік Есмағамбетов, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвадағы мұнай және газ өндіру цехының мұнай және газ өндіру операторы Оразбай Төлеуғалиев, «Ембімұнайэнерго» басқармасы «Жайық» аудандық электр торабының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері Ақболат Ибрагимов және ӨТҚжЖКБ арнайы техника және автокөліктер гаражының жүк тиегіш машинаның жүргізушісі Сұлтанғали Тағбергенов 5 000 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

Шаралар барысында ардагерлер мен басқармалар ұжымдарына Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.