«Ембімұнайгаз» АҚ-да Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

17 қараша, 2022

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды.

Қ.Көшербаев Қазақ политехникалық институтын (1978), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991) бітірген. Инженер-құрылысшы, саясаттанушы. Саяси ғылымдар докторы, философия ғылымдарының кандидаты. І санатты Төтенше және Өкілетті елші (2003).

Еңбек жолын «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастады (1978-1979); Кейін Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы (1979-1981), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі (1981-1982), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы (1982-1983), Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы (1983-1986), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1986-1987), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1987-1988), Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты (1988-1991), Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті (1991), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі (1991-1994), Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы (1994-1995), Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (1995), Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі (1995-1996),  Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі (1996-1997), Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі (1997-1999), Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі (1999), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (1999-2000), Батыс Қазақстан облысының әкімі (2000-2003), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006), Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімі (2006-2011), Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2012), Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары (2012-2013), Қызылорда облысының әкімі (2013-2019); Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысы (2019),  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы  (2019-2022).

Марапаттары: «І дәрежелі Барыс» (2021), «Парасат» (2003), «ІІ дәрежелі Барыс» (2009), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев (2015), Достық (РФ, 2006) ордендері.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.