Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша байқаудың жеңімпаздары

10 наурыз, 2023

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның Бас кеңсесінде өндірісте техникалық қауіпсіздікті сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша 2022 жылдың қорытындысына арналған есеп беру жиыны өтті. Оған Компания басшылығы, өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен жауапты мамандары қатысты.

Есеп беру жиынының екінші бөлігі еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ұйымдастырылатын дәстүрлі «Оқиғасыз күндер» байқауының қорытындысына арналған марапаттау рәсіміне ұласты. Байқаудың жеңімпаздары Құрмет грамотасы және кубокпен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

1. «Техникалық қауіпсіздік жөніндегі үздік инженері» номинациясымен:

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімі бастығының орынбасары Биғалиев Мұрат Аққалиұлы,

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі инженері Серікбаев Ерлан Шалхарұлы,

«Ембімұнайэнерго» басқармасының 1- категориялы еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау тобының инженері Балғымбаева Ағила Ишимқызы марапатталды.

2. «Қозғалыс қауіпсіздігінің үздік инженері» номинациясымен:

«Өндірістік техникалық қауіпсіздік және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының арнайы техника және автокөлік колоннасының механигі Наурызғалиев Нұрғуат Оразғалиұлы,

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қозғалыс қауіпсіздік инженері Науанов Маулен Қажығалиұлы,

«Ембімұнайэнерго» басқармасының арнайы техника және автокөлік колоннасының инженері Байманов Қайырбек Ермекбайұлы марапатталды.

3. «Оқиғасыз күндер» номинациясы бойынша:

«Ембімұнайэнерго» басқармасы ЕҚжҚОҚ тобының жетекшісі Камиев Руслан Жұмажанұлы жүлделі I-орынмен,

«Кайнармұнайгаз» басқармасы ЕҚжӨҚ бөлімінің бастығы Рахметолла Манас Жалғасұлы жүлделі I-орынмен,

«ӨТҚжЖКБ» басқармасы ЕҚжҚОҚ тобының жетекшісі Айдарбаев Аманжан Таңатарұлы жүлделі II-орынмен,

«Жайықмұнайгаз» басқармасы ЕҚжӨҚ бөлімінің бастығы Шаужанов Сүлеймен Парухұлы жүлделі II-орынмен марапатталды.

4. «Ұңғымаларды күрделі жөндеу, Ұңғымаларды жер асты жөндеу бойынша үздік бригада» номинациясы бойынша:

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының №6 бригадасы жүлделі I-орынмен марапатталды. Бригада шебері Қуантаев Мейірман Қарабайұлы, Дюсеғалиев Жеңіс Тәженұлы.

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының №11 бригадасы жүлделі II-орынмен марапатталды. Бригада шебері Калиев Нұрлан Ниетбайұлы, Есмұханов Равиль Қуандықұлы.

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Құлсары тобының

№1 бригадасы жүлделі ІІІ-орынмен марапатталды.

Бригада шебері Ұлжанов Темірболат Аманкелдіұлы, Кубесов Амантай Райұлы, цех бастығы Ұлжанов Асылбек Жардемұлы.

«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Шығыс Мақат кен орнының

№1 бригадасы жүлделі ІІІ-орынмен марапатталды.

Бригада шебері Құрманов Исатай Амангелдіұлы,Болғанбаев Нұрбағыт Балпанбайұлы.

5. «Үздік цех» номинациясы бойынша:

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Кенбай» кен орны мұнай дайындау және айдау цехы жүлделі І-орынмен марапатталды. Цех бастығы Әбдеш Еркін Мәдешұлы, цех бастығының орынбасары Тайжанов Аян Аманкелдіұлы.

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Забурын» кен орны №4 мұнай-газ өндіру цехы жүлделі ІІ-орынмен марапатталды.

Шеберлері Қадылжан Тұңғышбек Қадылжанұлы,Ақтаев Бақтыгерей Шанұлы,

цех бастығы Сахуалин Құрманғазы Қинашұлы.

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «О.Ш.Қамысты» кен орны №5 мұнай дайындау және айдау цехы жүлделі ІІ-орынмен марапатталды.

Шеберлері Ералиев Жеңісхан Қадилбекұлы, Маржанов Руслан Асылбекұлы.

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Құлсары» мұнай дайындау және айдау цехы жүлделі ІІІ-орынмен марапатталды. Цех бастығы Бешимов Сатыбалды Науризғалиұлы.

«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Шығыс Мақат» мұнай дайындау және айдау цехы жүлделі ІІI-орынмен марапатталды.

Цех бастығы Тайпанов Мұрат Тлеукұлұлы.

6. «Үздік участок» номинациясы бойынша:

«Ембімұнайэнерго» басқармасының АЭТ Прорва участогы жүлделі І-орынмен, басшысы Асқаров Нұрқуат Саинұлы,

«ӨТҚжЖҚ» басқармасының өндірістік қызмет көрсету участогы жүлделі ІІ-орынмен, участок басшысы Төлегенов Сабыржан Базарғалиұлы,

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Уаз,Қондыбай мұнай-газ өндіру участогы жүлделі ІІІ – орынмен марапатталды. Участок шеберлері Сәлімгереев Сәбит Бағытжанұлы, Ахметов Мейрамбай Теміржанұлы.

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы С.Балғымбаев газ дайындау участогы жүлделі ІІІ – орынмен марапатталды.

Участок шебері Кадимов Мейіржан Жұмажанұлы.

7. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» номинациясымен:

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Кенбай» мұнай-газ өндіру цехының операторы Мамбетов Дулат Көшенұлы,

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Жаңаталап» кен орны №3 мұнай-газ өндіру цехының электрдәнекерлеушісі Хамметов Ихран Нысанұлы,

«Ембімұнайэнерго» басқармасы «Доссор» аудандық электр торабының электржабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету электр монтері Орынбаев Әсетқали Ергалиұлы,

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Қосшағыл» мұнай-газ өндіру цехы Ақінген бөлімшесінің 5-ші разрядты операторы Өмірзақов Құттымұрат Амангелдіұлы,

«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы № 3 «Шығыс Мақат» мұнай-газ өндіру цехының операторы Сарсембаев Ізтлеу Бағытұлы марапатталды.

8. «Үздік арнайы техника жүргізушісі» номинациясымен:

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының автокран машинисі Сұлтанғалиев Аманжан Нұрсейітұлы,

"Ембімұнайэнерго" басқармасының арнайы техника және автокөлік колоннасының жүргізушісі Хайдаров Қайырғали Тілекқабылұлы,

«ӨТҚжЖК» басқармасының арнайы техника жүргізушісі Кенжеахметов Мәжит Әдиетұлы,

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының арнайы техника және автокөлік колоннасының жүргізушісі Рахметов Амангелді Идеятолаұлы,

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының арнайы техника және автокөлік колоннасының жүргізушісі Боздақов Беркін Өтебайұлы марапатталды.

9.«Үздік рұқсат-жүктелім» жүргізу номинациясы бойынша:

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы «Кенбай» мұнай газ өндіру цехының механиктері

Қайырханов Сабырхан Мирханұлы,

Зұлқаров Дамир Насиоллаұлы,

Аманқұлов Асланбек Маратұлы,

Нұрлығожиев Сарсенбай Жұмабайұлы жүлделі І-орынмен,

«Жайықмұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасы құрылыс бөлімінің құрылысты қадағалау жөніндегі инженері Балабаев Азамат Тілепұлы жүлделі ІI-орынмен,

«Ембімұнайэнерго» басқармасы «Қайнар» АЭТ шебері Меңдіғазиев Думан Серікұлы

жүлделі ІІІ-орынмен марапатталды.

10. Үздік инженер-эколог» номинациясымен:

«Жылыоймұнайгаз» мұанй-газ өндіру басқармасы Прорва кен орындарын игеру тобы өндірістік басқармасының қоршаған ортаны қорғау инженері Тыныштықов Асылбек Нұржанұлы,

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Науанов Қажығали Бактыгалиұлы,

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Самаликова Гүлшат Әбілқызы марапатталды

11.«Үздік үлгілі құжаттама» номинациясы бойынша:

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Терең-Өзек мұнай газ өндіру цехының бастығы Нұрмашев Қанат Рахымжанұлы жүлделі І-орынмен,

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы арнайы техника және автокөлік колонна бастығы Шыңғысов Каримолла Рахметұлы, колонна бастығының орынбасары  Аманиязов Жақсыбек Тоқтабайұлы жүлделі ІІ-орынмен,

«Ембімұнайэнерго» басқармасы Доссор АЭТ басшысы Елеубаев Талғат Бактығұлұлы жүлделі III-орынмен марапатталды.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА:  І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.