«Ембімұнайгаз» ағаш отырғызу акциясын өткізді

24 сәуір, 2023

2023 жылдың 22 сәуір күні «Ембімұнайгаз» АҚ (әрі қарай ЕМГ немесе Компания) Орталық аппаратының қызметкерлері ағаш отырғызу акциясын өткізді. Іс-шара барысында 850 тал егілді.

Ағаш отырғызу акциясы Компания мен жергілікті атқарушы билік арасындағы 2022-2024 жылдарға бекітілген  екіжақты Меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.

«Экологиялық тұрақтылық – «Ембімұнайгаз» АҚ қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан, Компанияның қызметкерлері-кәсіподақ ұйымының мүшелері акция өткізу туралы бастаманы қызу қолдап, көгалдандыру шарасына белсенді қатысты» дейді «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Болат Нсанбаев.

Былтыр Талғайраң елдімекенінің маңындағы (Атырау қалалық әкімдігі бөлген жер учаскесі) 2 гектар жерге 1700 жасыл-желек отырғызылса, биыл ембілік мұнайшылар 8 гектарға 7200 тал екті. Жергілікті жердің климатына  өсу мүмкіндігі жоғары үйеңкі, терек, қарағаштар отырғызылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ отырғызған жасыл белдеу қоршалған, суару жүйесімен қамтылған.    

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Гүлжан ӘмІрова: G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.