Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы

02 шілде, 2021

2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыны жариялады. Қаулыда айтылғандар (қысқаша шолу).

1) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберу шектелсін.

2) Коронавирус дертіне қарсы екпе алмағандар міндетті түрде (жеті күнде бір рет) ПТР тестін тапсырады.

3) Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, жеке және заңды тұлғалар сақтау керек:

- 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыруды;

-  COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмысшылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді;

- Коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған адамдар үшін (қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде COVID-19-н ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді.

Қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00-ден бастап күшіне енеді.