«Ембімұнайгаз» АҚ –геологиялық барлау жұмыстарын белсене жүргізіп, кен алаңдарын игеруде өндіріске жаңа технологияларды батыл енгізе білген, мұнай мен газды өндіріп, дайындайтын заманауи мұнай компаниясы. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармалары.
«Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық қаражат аударды.
Қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ болашаққа сеніммен қарайды! Жинақталған бай тәжірибе мен білікті ұжымның арқасында Компания алға қойылған барлық міндеттерді абыройлы орындамақ.