Әлеуметтік жауапкершілік

«Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл  аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 5 млрд 640 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.

Бұған қосымша келісім-шарт міндеттемелеріне сәйкес ЕМГ қазақстандық мамандарды даярлауға: компания қызметкерлерінің біліктілігін дамытуға және қазақстандық студенттердің жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеуге  қомақты қаражат бөліп келеді.

Компания қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету үшін 2012 - 2019 жылдарда 2 миллиард теңгеден астам қаражат аударды. Соңғы үш жылда Компания 170-тен астам қоғамдық ұйымдарға  және кәмелеттік жасқа толмаған, ауыр дертпен ауыратын балаларға көмек көрсетті.

2015-2018 жылдар аралығында жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған С.Қазыбаев атындағы балалар үйі, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымы, облыстық аурухана, қарттар үйі,  мүгедектер қоғамы, Атырау облыстың перинаталдық орталығы және т.б. Компанияның демеушілік көмектеріне ие болды.

2015-2018 жылдар аралығында Балаларды қорғау күні мен жаңа жылдық мерекеге орай әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары үшін арнайы шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Жыл сайынғы жаңажылдық ертеңгілікке арнайы емдеу мекемелеріндегі 1000-нан астам  бала қатысып келеді. Компания көмек көрсеткен тұлғалар арасында онко ауруымен ауыратындар, церебралды сал ауруына шалдыққан және  шет елдерде дереу ем алуды керек еткен балалар бар. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы үнемі азаматтық белсенділігімен және әлеуметтік жауапкершілігімен ерекшеленіп келеді.

2015 жылы ембіліктер жинаған қаражатқа мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған Атырау қаласы 4 отбасының үйі күрделі жөндеуден өтіп, жалғызілікті зейнеткерге жаңа баспана салынды.

2016 жылы көпбалалы, оның 2-уі ауыр науқасқа шалдыққан Атырау қаласының тұрғынына жаңа баспана салынды.

2018 жылы Компания ұжымы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсетті. Мұнайшылардың өз еріктерімен жиналған қаражат «Біздің қала-Зыряновск» қайырымдылық қорына аударылып, баспаналары судың астында қалып, жарамсыз деп танылған Малеевск, Зубовск және Зырян қаласы маңындағы тұрғындарға 4 пәтер, 3 үй сатып алынды.

2019 жылдың маусым айында «Ембімұнайгаз»  АҚ қызметкерлерінің бір күндік жалақысы есебінен Атырау облысының 5 ауданында – Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында, Исатай ауданының Исатай стансасы мен Аққыстау селосында, Қызылқоға ауданының Жамансор елді мекені мен Мұқыр ауылында, Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Мақат ауданының Мақат пен Доссор кенттерінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға баспана кілттерін табыс ету шаралары өтті.

2019 жылдың шілде айында ЕМГ ұжымы республикалық «Арыс. Біз біргеміз!» акциясына қатысты. Ембіоіктердің өз еріктерімен жинаған қаражатына жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларының 400-ден астам оқушысына мектеп киім- кешектері тарту етілді.

Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен отбасылар балаларын мектепке дайындауға көмектен соң осындай қайырымдылықты Атырау қаласы мен облысының әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көрсету жөнінде де шешім қабылданды. Нәтижесінде, ембіліктер мұнайшылардың өз қаражаттарына биылғы жылы облысымыздың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының 70 оқушысына мектептік киім-кешектер алынды.

Аталған қайырымдылық акциясын жүзеге асыру барысында ембілік мамандар Атырау облысындағы әр ауданда болып, отбасылардың жағдайымен танысты. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін жергілікті әкімдіктер ұсынды. Бұл тізімге Компаниядан хат арқылы көмек сұраған, сонымен қатар, биылғы жылы ембіліктер сыйға тартқан сегіз әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балалары да кірді.

2019 жыл соңында«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы өз еңбекақыларынан ерікті түрде қаражат жинап, Атырау облысы мен қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 200-ден астам баласына жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Компанияның өндірістік қызметін жүзеге асыратын Атырау облысының аудандарында тұратын балаларға ЕМГ өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сыйлықтар тарту етті.Естеріңізге сала кетейік, ЕМГ Басқарма төрағасы көтерген бастаманы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мұнайшылары жалғап, 2 миллион теңгеден астам жинап, Жылыой ауданының әлеуметтік аз қамтылған 12 отбасына көмек көрсетті.

ЕМГ пандемиямен күресте әлеуметтік көмек ретінде  870 млн теңгеден астам қаражат аударды. Бұл қаражат дәрі-дәрмек алу үшін «Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қорына,  Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды,   провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету  үшін  жұмсалды. Жылыой аудандық аурухананы, Атырау қаласы Береке мөлтек ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық технникамен, гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етті.  2020 жылдың соңында компания Атырау облыстық әкімдігіне 7 мың 300 мүмкіндігі шектеулі балаға сыйлықтар алуға және 274 медицина қызметкеріне, оның ішінде, қайтыс болған  4 дәрігердің отбасына материалдық көмек негізінде 130 млн теңге бөлді.  

Сонымен қатар, 2020 жылы ембіліктер волонтерлік бастамамен карантиндік оқшаулауға алынған медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдау үшін 1 миллионнан астам теңге қаражат жинады. Оған қосымша, «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармаларындағы «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының бастамасымен мұнайшылар Исатай, Қызылқоға аудандарындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық шараларын жасады.

Жыл соңында ембіліктер өз еріктерімен жинаған 1,1 миллион теңгеге мамандандырылған балалар үйінің, «Шаңырақ» облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің, Атырау балаларды оңалту орталығының, Психологиялық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған  Бөбекжай-бақшасының, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның балаларына жаңажылдық сыйлықтар алынып, таратылды. 

2021 жылы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Компания басшылығы Атырау облысының мүмкіндігі шектеулі 2 мың тұрғынын материалдық қолдауға 30 млн.теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, мейірімді  істер эстафета аясында Компанияның Орталық басқару аппараты қызметкерлерінің ерікті түрде жалақылары  есебінен  жиналған 1,4 млн теңге қаражатқа мұнайлы өңірдегі көмекке мұқтаж көп балалы  100 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

ЕМГ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы мен «Айналайын» қайырымдылық марафоны аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға жалпы сомасы 112 млн 500 мың теңге қаражат аударған болатын. ЕМГ бөлген қаражатқа Атырау облысының 7500 баласына сөмкелер мен мектеп формасын және кеңсе тауарларын сатып алу үшін сауда орталықтарына сертификаттар сатып алынды. Олардың 3000-нан астамы қалада тұрады. 

Сонымен қатар, ЕМГ Орталық аппаратының қызметкерлері ерікті негізде 500 мың теңгеден астам сомманы жинап, оларға Атырау қаласындағы  аз қамтылған көп балалы 6 отбасының 19 баласына жаңа оқу жылына мектеп киімі мен оқу құралдарын сатып алу үшін 30 мың теңгеге сертификаттар табыс етті.