Инвестициялық жобалар

2017 жылдың маусым айында Компания ірі жобаны – Прорва кен алаңындағы ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысын іске қосты.

Қондырғы Атырау облысының Жылыой аумағындағы Прорва кен орындары тобындағы іліспе газды тазартуға арналған.

Қазіргі таңда Қондырғыдан алынған тауарлы газ «Орта Азия – Орталық» магистралды газ құбырына дейін жіберіліп, Прорва кен алаңдары тобында газды ауаға жағуды мейлінше азайтуда.

Қондыруда қолданылған Merichem фирмасының LO-CAT газды өңдеу технологиясы экологиялық таза және күкіртсутекті жоюда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.

Қондырғыда қолданылатын Merichem компаниясының LO-CAT газды өңдеу технологиясы экологиялық тұрғыда қауіпсіз және күкіртсутегін жоюдың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Газды дайындау үдерісі толықтай автоматтандырылған және апаттық жағдайларға қарсы бірнеше кезеңдер қарастырылған. Қондырғыда жыл сайын тауарлы газ, 4,1 мың тонна  тұрақты газ конденсаты және 2,7 мың тонна түйіршіктелген күкірт өндіріледі.

Ілеспе газды дайындайтын мұндай қондырғылар 2012-2013 жылдардан бері Кмпанияның Шығыс Мақат және С.Балғымбаев кен алаңдарында жұмыс жасап, Атырау облысының үш ауданы тұрғындарын жеңілдетілген бағаға табиғи газбен қамтамасыз етіп келеді.

Бекітілген Бизнес-бастамалар шеңберінде операциялық тиімділікті және экономикалық табыстылықты арттыру мақсатында Компания қазіргі уақытта «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Солтүстік Уаз және Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның Оңтүстік Батыс Қамысты, Гран кен орындарында ілеспе мұнай газынан электр энергиясын алу бойынша пилотты жобаларды іске асыруда. Бұл жобалар газ поршенді және газ турбиналы электр стансаларында электр энергиясын өндіру арқылы ілеспе мұнай газын одан әрі өз қажеттіліктеріне пайдалануды көздейді. Жобаны іске асыру қосымша мұнай өндіруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Компанияның әлеуметтік және өндірістік нысандарын тәуелсіз электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.