«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы соғыс жылдары қаза тапқандарды еске алды

06 мамыр, 2022

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында тыл ардагерлері, Тәжік - Ауған соғысы ардагерлерінің, сондай-ақ, «Ембімұнайгаз» АҚ басқару аппараты ұжымы «Азалы Ана» мемориалының мәңгілік алауына гүл шоқтарын қойды.

Ембі мұнайшылары дүниеден өткен соғысқа қатысушылар мен барлық ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың ерлігі келешек ұрпақ үшін теңдесі жоқ ерліктің, жанқиярлықтың, мызғымас ерік-жігердің нағыз үлгісі болып қала бермек. 

Бұл күні біз Жеңіс күнін жақындатуға зор үлес қосқан ембілік аға мұнайшы әріптестерімізді ерекше мақтанышпен және зор құрметпен еске аламыз. Сұрапыл жылдарда жеңісті жақындатуға ембілік мұнайшылардың да қосқан үлесі өте зор. Қиын сәттерде жоспарды 250 пайызға орындаған мұнайшылардың ұраны «Мұнай – майданға!» болды. Олардың қайсарлық пен отансүйгіштіктің үлгісіндегі еңбек ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады, - деді «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

    Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында Ұлы Отан соғысының 1 ардагері, 59 тыл еңбеккері, сонымен қатар, 13 Ауған жауынгері бар. Компанияда соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне, интерна­ционалист-жауынгерлерге қамқорлық жасау әркез назарда ұсталынады.

                                          

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.