«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Еcқазиев Ембінің 100 жылдығына орай жиын өткізді

06 маусым, 2022

«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ (бұдан әрі ҚМГ) Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев Атырау облысында жұмыс сапарымен болды. Ол «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ) мен оған қарасты «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары басшылығымен кездесіп, жұмыс жиынын өткізді.

Кездесу барысында 2022 жылғы 4 айдағы өндірістік нәтижелер мен мұнай өндіру жоспарын орындау мәселелері талқыланды. Өндіріс көлемі жоспарын орындау бағытында пайдаланушылық ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар геологиялық барлау жұмыстарының ағымдағы даму жоспарына тоқталды.

Бұған қоса, Қ.Есқазиев жұмыс ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен басшылық пен өндіріс қызметкерлері арасындағы ішкі коммуникацияны жақсартуға баса назар аударуды тапсырды.

Бұдан бөлек, жиын барысында ЕМГ-нің 100 жылдық мерейтойына орай мерекелік шараларды өткізу бағытындағы мәселелер қозғалды. Қ.Есқазиев Ембінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар бағдарламасымен танысты. Жиын қорытындысымен жұмыс тобының мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берілді. 

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «Qazaq Gas» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.