Ембілік мұнайшылар 250 балаға мектеп құралдарын тарту етті

24 тамыз, 2022

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына орай бірнеше әлеуметтік жобалар қолға алынды. Солардың бірі  – «Мектепке жол» жобасы. Мұнайлы өңірдегі әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 250-ге тарта балаға мектепке қажетті құралдардан көмек көрсету қолға алынды.

 - «Мектепке жол» акциясы бұған дейін де ұйымдастырылып келген болатын. Биылғы дәстүрлі шара компанияның 100 жылдық мерекесіне орайластырылып отыр. Әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды оқу жылына дайындау мақсатында арнайы мектеп құралдарымен жабдықталған (барлығы 36 құрал) рюкзак табысталуда. Құралдар Түркия елінен алдырылды,- деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллин.

Мұнайлы өңірдің жұртшылығына әрдайым қолдау көрсетуді алға шығаратын «Ембімұнайгаз» АҚ  әлеуметтік жауапкершілікті жоғары бағалайды. «Мектепке жол» акциясын ембіліктер жыл сайын жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып атқарып келеді.

Биылғы жобаның аясында әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың тізімі Атыраудағы ҮЕҰ-ның өкілдерімен бірлесе отырып жасалынды. Атырау қаласы бойынша – 110 оқушы,  Мақат ауданы бойынша – 20, Жылыой ауданынан – 20, Қызылқоға ауданынан  – 20, Исатай ауданы бойынша – 20, Индер ауданынан – 20, Махамбет ауданы – 20, Құрманғазы ауданынан 20 оқушыға көмек көрсетілді.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.