«Ембімұнайгаз» АҚ-ы - «Atyrau Oil&Gas» көрмесінің алтын серіктесі

05 сәуір, 2023

2022 жылы өзінің 100 жылдығын атап өткен «Ембімұнайгаз» АҚ-ы (әрі қарай ЕМГ) -  Солтүстік Каспий аймақтық «Atyrau Oil&Gas» көрмесінің алтын серіктесі. Аталған іс-шара биыл 20-шы рет ұйымдастырылып отыр.

ЕМГ компаниясының жыл сайынғы негізгі коммуникациялық алаң «Atyrau Oil&Gas» көрмесіне қатысуы отандық кәсіпорынның бай тарихындағы жақсы және маңызды дәстүрге айналды. Көрменің ашылуына «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов қатысты.

Көрмеге қатысушы «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері атап өткендей, бүгінде мұнай-газ компаниялары өкілдерінің саланың алдында тұрған жаһандық мәселелерді шешу үшін бас қосып, пікір алмасуы қазіргі уақытта аса маңызды.

«Atyrau Oil & Gas» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі – Қазақстандағы мұнай-газ саласына қатысты маңызды оқиғалардың бірі. Биыл оған Австрия, Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Түркия елдерінен 80-нен астам ірі мұнай-газ өндіруші және мұнай кәсіпшілігіне сервистік қызмет көрсететін компаниялар, сондай-ақ мұнай-газ жабдықтарын жасаушылар қатысуда.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.