Өндіріс ортасында: журналистер мен блогерлер «Ембімұнайгаз» АҚ нысандарын аралады

27 қараша, 2023

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) 2023 жылғы 23-24 қарашада республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері мен блогерлердің қатысуымен медиа-тур өткізді.

Компания қызметімен танысу Бас кеңседегі Өндірістік процесті бақылау орталығынан басталды. Орталық онлайн форматта өндірістік нысандарды жедел бақылау және мониторинг жүргізу үшін құрылған. Визуализация орталығының функционалды мүмкіндіктері үздіксіз кеңейіп келеді. Өндірістік қызметті тиімді басқару және деректерді сараптама жасайтын қызметкерлер жұмысын жеңілдету мақсатында технологиялар ұдайы жетілдірілуде. 

Компанияда өзінің тиімділігін дәлелдеген тағы бір цифрлық бастама – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынған «Сапарларды басқару» жобасы. ЕМГ-де көліктер мен арнайы техникалар тарапынан жылдамдықты бақылауда ұстауға байланысты көлік құралдарының бірыңғай мониторингі қызметінің арқасында  жол-көлік оқиғаларының саны  жыл сайын азайып келеді. Мысалы, 2023 жылдың 10 айында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жылдамдық арттырулар оқиғасының саны 55%-ға азайып, жанар-жағармай үнемдеу 20%-ды құрады.

БАҚ өкілдері ембіліктердің өндірістік қызметі мен әлеуметтік жағдайларымен танысу мақсатында  өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. Олар «Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасының Прорва кен алаңындағы ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысымен және  «Каспий самалы» вахталық қалашығында ауысымдық әдіспен еңбек ететін мұнайшыларға жасалған әлеуметтік көмектермен танысты.

Қуаты 150 млн. м3 құрайтын қондырғы Прорва кен алаңдары тобының ілеспе  газын кешенді дайындауға арналған. Аталған қондырғыда ілеспе газды өңдеу технологиясы экологиялық қауіпсіз әрі күкіртсутекті жоюда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді. Газды кешенді дайындау процесі толығымен автоматтандырылған және төтенше жағдайлардан бірнеше дәрежелі қорғаныспен қамтылған.

Бұдан кейін баспасөз мәслихаты өтіп, онда «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы  мұнай қорларын өндіруде қолданылатын технологиялар, геологиялық жұмыстар, қызметкерлерді оқыту, кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі және компанияның даму жоспарлары туралы айтты.

2023 жылдың 10 айында «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай өндіру жоспарын 100,6 пайызға орындады. Бірқатар геологиялық-техникалық іс-шараларды сәтті жүзеге асырудың арқасында қосымша 189 мың тоннадан астам қара алтын өндірілді.

Жазатайым оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау статистикасы жақсарды. Ағымдағы жылдың 10 айында ЕМГ  жазатайым оқиға болған жоқ,   өрт немесе жол-көлік деректері тіркелмеген. Өндірістік жарақат алудың 1 оқиғасы тіркелді. ЕМГ және мердігер мекемелердің барлық қызметкерлері еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша «Өмірлік маңызды  қағидалардың»  негізгі талаптарын  ұстанады.

«Компания қызметкерлерінің өмірі – біздің басты құндылығымыз. Олардың  табысты қызметі мен өндірістік мәселелерді оңтайлы шешу – ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастырудың кепілі. Сондықтан біз қауіпсіз еңбек мәдениеті мен озық халықаралық тәжірибені енгізу арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған орта саласындағы корпоративтік мәдениетті үнемі жетілдіріп отырамыз», – деді «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов.

«Ембімұнайгаз» АҚ табиғи ресурстарды адал пайдаланушы ретінде қоршаған ортаны қорғау шараларына, оның ішінде ластанған жерлердің өнімділігі мен құндылығын қалпына келтіруге, қоршаған ортаны жақсартуға және көгалдандыруға бағытталған шараларға қомақты қаржы бөлуде. Атап айтқанда, биыл 181,69 мың тонна тарихи ластанған жерді тазарту жоспарланып, ағымдағы жылдың 10 айында оның 145,05 мың тоннасы тазартылған. Қалған аумақ жыл аяғына дейін тазартылады. Сонымен қатар, 2022-2023 жылдар аралығында Атырау облысы әкімдігінен бөлінген 28 гектар жерге 23950 түп көшет отырғызылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ – Қазақстандағы ірі салық төлеушілердің бірі. Мәселен, 2020 жыл мен биылғы 10 айда ЕМГ бюджетке 480 млрд теңге көлемінде салық төлемдерін төлеп, осы кезеңде облыстың инфрақұрылымын дамытуға 2,2 млрд. теңге жұмсады.

«Ембімұнайгаз» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ашық ұстанымда және өткен медиа-турды аса маңызды және пайдалы оқиға деп санайды. Осы іс-шара арқылы жұртшылық БАҚ және блогерлер көзімен аймақтағы байырғы және ірі кәсіпорынның қызметін тікелей бағалауға мүмкіндік алды.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.