«Ембімұнайгаз» АҚ «Мұнайшы қыз» клубының 5 жылдық мерейтойын атап өтті

04 желтоқсан, 2023

«Ембімұнайгаз» АҚ-ғы «Мұнайшы қыз» клубының құрылғанына 5 жыл толды. Осыған орай, Атырауда форум ұйымдастырылып, оған «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның еншілес мекемелерінің, еліміздегі ірі мұнай компанияларының, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелеріндегі әйелдер ұйымдарының белсенді мүшелері қатысты.    

Мерейтойлық шараның басты тақырыбы гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдердің, әсіресе, еліміздің мұнай-газ секторында еңбек етіп жатқан әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту болды.

- Әйелдердің  көшбасшылығы – бүгінгі қоғамның басты тренді. Сарапшылардың көпшілігі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы мемлекеттің дамуына тиімді әсер ететінін мойындайды. Бұл әлеуметтік кемелдену дәрежесін, гуманизмді, жалпыадамзаттық  құндылықтарға адалдықты және азаматтық қоғамның дамуын айқын көрсетеді. Біздің форумның мақсаты – мұнай-газ саласында еңбек етіп жатқан қыз-келіншектердің жан-жақты дамуына серпін беру, – деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Мұнайшы қыз» клубының төрайымы Рысты Тасмағамбетова.

Форумға қатысушыларға «Мұнайшы қыз» клубының 5 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Форумның пленарлық сессиясында ТШО, NCOC, АМӨЗ, «Атырау» МГҚБ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ өкілдері қатысып, өз компанияларындағы әйелдер көшбасшылығы, олардың карьера сатысымен көтерілуі, жан-жақты дамуына жасалған мүмкіндіктер туралы ойларын ортаға салды.

Танымал тележүргізуші, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы форумның қарсаңында Атырауға арнайы келіп, 50-ге тарта ембілік мұнайшы  қыздар алдында мастер класс өткізді. Іс-шара «Өзін-өзі дамыту, өркениет көшінің талаптарынан табылу» тақырыбына арналды.

Ал, форумның панельдік сессиясында Ләйлә Сұлтанқызының модераторлығымен мұнай компанияларындағы әйелдер ұйымының белсенділері заманауи әйелдердің жетістікке жету жолдары туралы пікір алмасты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Стратегия және инвестициялық портфельді басқару депараментінің директоры Айша Төребаева мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) келісімшарт бойынша менеджері Әйгерім Сарғожиева мекемелердегі гендерлік тепе-теңдікті сақтау туралы ойларын ортаға салды.

Форумның екінші бөлімі ханымдар энергетикалық клубының (ХЭК) атқарушы комитетінің жиналысына жалғасты.

«Мұнайшы қыз» клубының 5 жылдық мерейтойына арналған форум ҚР еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың жеке концертімен қорытындыланды.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова
: G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.